Оқыс оқиғалар 2 шілде күні болған
Павлодарда краншы биіктіктен құлап, тағы бір жұмыскерді күйік шалды, деп хабарлайды Рavlodarnews.kz.
«Павлодарда бір күн ішінде екі жазатайым оқиға тіркелді. 2 шілде күні сағат 01:40-та қаладағы акционерлік қоғамдардың бірінің өндірістік цехында 62 жастағы газ дәнекерлеуші өндірістік жұмыстарды орындау кезінде биіктігі 5 метр краннан құлап кеткен. Ол алған жарақаттарымен ауруханаға жеткізілді», - деді облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Сол күні сағат 14:10-да акционерлік қоғамдардың бірінің өндірістік цехында 26 жастағы слесарь монтаждау жұмыстарын жүргізу кезінде денесін күйік шалып, ауруханаға түсті.