Тергеу мүддесіне байналысты қылмыстық істің мән-жайы жарияланбады
Атырауда сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өкілі парамен ұсталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«2021 жылдың 1 шілдесінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ішкі қауіпсіздік департаменті Атырау облысы бойынша департаментпен бірлесіп сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өкілін ірі көлемде пара алғаны үшін ұстады», - делінген хабарламада.
Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес қылмыстық істің мән-жайын тергеу мүддесіне байланысты жариялауға болмайды, деді ведомстводағылар.