Қайғылы жағдай 29 маусым күні Бұқтырма өзенінде болған
Шығыс Қазақстанда қызын құтқарамын деп анасы да суға батып кетті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
ШҚО ТЖД баспасөз қызметі таратқан мәлімет бойынша, 29 маусымда Алтай ауданы Зубовск ауылының шетінде ойнап жүрген 8 жасар қыз бала абайсызда Бұқтырма өзеніне құлап, суға батып кеткен. Куәгерлердің айтуынша, қызын құтқармақ болған анасы да (1994 жылғы әйел) суға кеткен.
Құтқарушылар бала суға құлаған жерден төмен қарай 10,5 шақырым жерден марқұмдардың денесін тапты.
Шомылу маусымы басталғалы облыста 6 ересек адам және 2 бала суға кетіп көз жұмған.