Оқиға Жаңақорған ауданы орталығынан 45 км жерде болған
Қызылорда облысында 20 тонна орама жіп тиелген - Тәжікстаннан Ресейге бет алған жүк көлігі толығымен өртеніп кетті. Оқиға 30 тамызда сағат 05:30 шамасында «Шымкент-Самара» тас жолының Жаңақорған ауданы аумағында болған.
Өрт сөндірушілер сағат 07:22-де отқа оранған жүк көлігін толығымен сөндірді. Көліктің кабинасы өрттен толық сақталып қалды, ал жүк салатын бөлігі тұтастай отқа оранған.
Қызылорда облыстық төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық құтқару жұмыстары қызметі өрттің себебін анықтап жатыр.