Қайғылы жағдай кеше Крутиха өзенінің жағасында болған
ШҚО-да ер адам суға батып кетті. 29 маусымда ер адам Глубокое ауданы, Веселое ауылының маңындағы Крутиха өзенінің жағасына демалысқа шыққан, деп хабарлайды Semey News.
1963 жылғы азамат суға түсіп, батып кеткен. Оның денесін досы тауып алған және оқиға туралы жергілікті полиция бөліміне хабарлаған.
Қайғылы оқиғаға шомылуға арналмаған жерде суға түсу себеп болды.
ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті су айдандарындағы қауіпсіздік шараларын сақтауды ескертеді.