Ақмолада 27 жастағы жігіт әлеуметтік желілерде өзінің порнографиялық суреттерін жариялаған

Автор: Azattyq Rýhy

Ол фотосуреттерін жарнамалай отырып, әйелдерге қызмет ұсынған

Фото: ашық дереккөзден

Әлеуметтік желілерде өзінің порнографиялық суреттерін жариялаған ақмолалық жігіт анықталды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Зеренді ауданының 27 жастағы тұрғынына қатысты ҚР ҚК 311-бабы (Порнографиялық материалдарды немесе заттарды заңсыз тарату) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Биыл 26 маусымда Ақмола облысы Полиция департаментінің криминалдық полиция бөлімшесі қызметкерлері порнографиялық сипаттағы өз фотосуреттерін таратып және жарнамалай отырып, әйелдерге қызмет ұсынған аудан тұрғынын анықтады.

Ер адам өзіне тағылған айыпты мойындаған. Жігіт әлеуметтік желіде бүркеншік атты қолдана отырып, сауалнаманы, жеке интимдік фотосуреттерді орналастырғаны белгілі болды. Қазіргі уақытта заттай дәлел, атап айтқанда, ер адамның профилі тіркелген телефон тәркіленді. Тергеу амалдары жалғасуда. Күдіктіге қатысты келу туралы міндеттеме түрінде іс жүргізу мәжбүрлеу шарасы таңдалды.