СҚО-да ерлі-зайыптылар газдан уланып қайтыс болды

Автор: Azattyq Rýhy

Олар үйінде көмір жаққан

Көрнекі фотосурет

Солтүстік Қазақстанда ерлі-зайыптылар иіс тиіп көз жұмды деп хабарлайды «Астана» телеарнасы. Оқиға Тайынша ауданының Горький ауылында болған.

Төтенше қызмет мамандарының айтуынша, отбасы жуырда пеш мұржасын күрделі жөндеуден өткізген. Алайда, құрылысты соңына дейін аяқтамаған көрінеді. Түнгі уақытта күн салқындаған кезде отбасы салынып бітпеген пешке от жаққан. Көмір бықсып, түтіндеген. Ыс иісінен бір отбасы осылайша уланып қалған. Оны туыстары байқап, үйге келгенде отбасы мүшелерінің ессіз жатқанын көреді.

Ерлі-зайыптылар сол жерде көз жұмған, ал олардың 14 жастағы баласы ауруханаға жеткізілді. Өкпесі жасанды желдету құрылғысына қосылған науқастың жағдайын дәрігерлер ауыр деп бағалап отыр.

«Маусымның сегізі күні біз рейд барысында отағасымен кездескен болатынбыз. Содан кейін ол пешті жөндеген көрінеді. Қайғылы жағдайдан кейін мамандар үйдің шатырына мініп, пеш мұржасының  соңына дейін салынып бітпегенін көрді. Дүрбі балшықпен сыланбаған. Демек, түтін далаға шықпай, үйдің ішіне тараған», - деді СҚО ТЖД Мемлекеттік өртті бақылау басқармасының басшысы Дмитрий Растихин.