Павлодарда мотоцикл жүргізушісі жол апатына ұшырады

Автор: Azattyq Rýhy

Тексеріс жүріп жатыр

Фото: ашық дереккөзден

Павлодарда мотоцикл жүргізушісі жол апатына ұшырады. Жол-көлік оқиғасы салдарынан мотоциклші жарақат алып, ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды Рavlodarnews.kz.

Облыстық ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, 27 маусым күні сағат 21.00-де Павлодар қаласындағы "Строитель" бақшасының, Лимонная көшесіндегі 18-ші үйге қарама-қарсы бағытта "Ниссан Цефиро" автокөлігінің 27 жастағы жүргізушісі жол бермей, 1988 жылы туған жүргізушінің басқаруындағы "BMW R1200" мотоциклімен соқтығысқан. 

«Жол-көлік оқиғасы салдарынан мотоциклші жарақат алып, ауруханаға жеткізілді. Автокөлік арнайы айып тұрағына қойылды. Тексеру жүргізіледі»,  - деді полиция департаментіндегілер.