25.06.2021, 21:59
Оқиғалар
Ақтөбе облысында жүк көлігінің мас жүргізушісі ұсталды
Шетелдік азамат 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынды
Ақтөбе облысында жүк көлігінің мас жүргізушісі ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz.
Патрульдік полиция ротасының қызметкерлері «Ақтөбе-Орынбор» автожолында жарық құралдары өшірілген MAN жүк көлігін тоқтатқан. Жүргізуші құжаттарын тексеру барысында одан алкоголь иісі шыққан, жүргізілген сараптама жүргізушінің мас күйде екенін растады.
Беларусь Республикасының 49 жастағы азаматының басқаруындағы жүк көлігі Түркістан облысынан өз еліне қарбыз тасымалдап жүрген.
Мәртөк аудандық сотының шешімімен шетелдік азамат 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынды.
Көп оқылған
30.09.2026, 16:19
«Жастар осыларды тыңдап, өзгеріп кетті»: Қайрат Нұртастың анасы Роза коучтың ит терісін басына қаптады
30.09.2026, 16:54
Шымкентте әйел адам күйеуінің жүрегіне пышақ сұғып өлтірді (ВИДЕО)
30.09.2026, 09:28
«Емізіп отырып ұйықтап кеткен»: Ақкөлде әйел адам мас күйде сәбиін тұншықтырып өлтіріп алды
30.09.2026, 18:00
«Мен шаршадым...»: Тараздағы мұғалім ұстаздарға психологиялық көмек беретін виртуалды көмекші ойлап тапқан
30.09.2026, 21:19
Қазақстанның 12 облысында дауылды ескерту жарияланды