Аталған факт бойынша қылмыстық іс қозғалды
Қарағанды қаласының Орталық саябағынан көмулі жатқан арыстан күшігінің денесі табылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
25 мацсым күні Орталық саябақ аумағынан жыртқыш жануардың көмулі жатқан күшігі табылды.
«Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайын анықтауға бағытталған тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр», - делінген облыстық ПД баспасөз хабарламасында.
Аталған факт бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 316-бабымен (Жануарларға аяусыздық таныту) қылмыстық іс қозғалды.