Павлодар маңында жүргізуші скутердегі жасөспірімді қағып кетті

Автор: Azattyq Rýhy

Бала ауруханаға жатқызылды

Фото: ашық дереккөзден

Павлодар маңында жүргізуші скутердегі жасөспірімді қағып кетті, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 24 маусым күні сағат 22:10-да Павлодар ауылында Торговая және Степная көшелерінің қиылысында "Дэу Матиз" автокөлігінің 62 жастағы жүргізушісі скутермен соқтығысқан.

«Жол-көлік оқиғасы салдарынан кәмелетке толмаған мотоцикл жүргізушісі жарақат алып, ауруханаға жеткізілді». - делінген хабарламада.

Аталған факті бойынша тексеру жүргізілуде.