$ 527.58  546.15  5.29
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
24.06.2021, 16:48
Оқиғалар

Ақтөбеде қылмыстық топ мүшелері сотталды

Бес адамнан тұратын қылмыстық топ 2014 жылдан бастап казино қызметін заңсыз ұйымдастырған

Ақтөбеде қылмыстық топ мүшелері сотталды
Көрнекі фото: ашық дереккөзден

Статистика бойынша, әлемде 240 миллионнан астам адам құмар ойынға тәуелді екен. Цифрландыру жағдайында ойын бизнесінің жаңа түрлері пайда болды: интернет-бәс тігу және электрондық казино ойнау.

Ақтөбе облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің қызметкерлері 2014 жылдан бастап Ақтөбе қаласының аумағында құқыққа қарсы қызметті жүзеге асырған ұйымдасқан қылмыстық топ қызметінің жолын кесті.

ҰҚТ мүшелері заңсыз баю мақсатында Ақтөбе қаласында электрондық казино қызметін заңсыз ұйымдастырған. Ойын бизнесі саласындағы заңсыз қызмет Stavkabet.kz букмекерлік кеңселер желісі түрінде жасырынған.

Ақтөбе қаласының №2 сотының үкімімен қылмыстық топтың 5 қатысушысы – 2 жылға, қалған 5 тұлға 6 жылға сотталды.

3,5 млн астам теңге және казиноның заңсыз ұйымдастыруға арналған 400-ден астам ойын терминалдары мен түрлі құрылғылар мемлекет кірісіне өтті.

Серіктес жаңалықтары