ШұғылҚазақстанда өткен тәулікте 7,5 мың адам коронавирус жұқтырды

Таразда қаңғыбас ер адам көпқабатты үйдің ауласында жатқан итті бірнеше күн бойы зорлаған

Зоофилдің үстінен жазылған арызды учаскелік полицей қарамай қойған 

Таразда көпқабатты үйдің ауласындағы итті қаңғыбас ер адам зорлаған. Ал зоофилдің үстінен жазылған арызды учаскелік полицей қарамай қойған. Ол аздай құқық қорғау қызметкері зоофилді жазалаудан бұрын, иттен құтылу үшін ит атқыштарды шақыратынын мәлім еткен, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі. 

«Біздің көпқабатты үйдің біріне сүйкімді ит келіп жүрді, оған көлікжайдың артынан орын әзірлеп бердік. Екі апта бұрын иттің қатты қыңсылап жатқан даусын естіп үйшігіне қарай барсақ, бір қаңғыбас ер адам итті зорлап жатыр. Біз оны қуып жіберуге тырыстық, бірақ ол әр түн сайын қайта келеді. Таңертең иттің жағдайы адам шошырлық күйде болады. Учаскелік полицейді шақырғанымызбен, ол келмейді. Оның үстіне, полицейдің өзі ит атқыштарды шақыратынын айтып бізді қорқытты», - деп жазған итке жаны ашыған қала тұрғыны. 

Аталған жазбаны оқыған үйсіз-күйсіз жануарларды қорғайтын «Ақтөс» қорының қызметкерлері бірден оқиға орнына барған. 

«Ауыр және қорқынышты жағдай. Зардап шеккен ұрғашы иттің есімі – Найда. Оның көлемі пекинес иттей ғана. Осындай кішкентай ғана итке зорлық көрсеткені миға сыймайды. Адамдар осындай деңгейге түсіп кеткен! Бүгін ол – зоофил, ертең педофил! Ал полицияның әдеттегідей бұдан маңызды шаруасы бар», - деді «Ақтөс» қорының президенті Ирина Келлер. 

Иринаның сөзінше, олар әлі күнге дейін «Шөлдала» массивіндегі Даша есімді итті ұрып-соғу фактісіне қатысты ешқандай жауап алмаған. 

Найданың зорлану фактісіне қатысты істің қалай жүріп жатқанын білу үшін Azattyq Rýhy тілшісі  Тараз қаласының Ішік істер департаментіне хабарласты. Бірақ ондағылар аталған мәселеге қатысты ешқандай пікір бере алмаймыз деді.