Қарағандыда өзін адвокат деп таныстырған алаяқ ұсталды

Күдікті қала тұрғынын 4 млн теңгеге алдап кеткен 

Қарағандыда өзін адвокат деп таныстырған алаяқ ұсталды
Фото: ашық дереккөзден

Қарағандыда өзін адвокат деп таныстырған алаяқ ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz. 

3 мамыр күні Қарағанды қалалық Полиция басқармасына қарасты Октябрь полиция бөліміне 39 жастағы қала тұрғыны арызбен шағымданған. Полиция қызметкерлеріне ол белгісіз азаматтан алданып қалғанын айтқан.

Жәбірленушіге шұғыл түрде адвокат керек болып, сұрастыру барысында шаруасын шешіп беруге көмектесемін деген адвокат тапқан. Алғашында жәбірленушіге көмектесемін деген “адвокат” шаруасын шешу үшін алдын ала төлемақы алып, кейін одан қажет болып жатыр деген желеумен тағы да қомақты ақша алған. 

Жәбірленуші оған бас-аяғы 4 миллион 425 мың ақша берген. Алайда осыншама қаражатты алған “адвокат” жәбірленушінің бірде-бір шаруасын шешпеген. Арада уақыт өткенде күдік тудырған ер адам мүлдем қоңырауға жауап бермей хабарсыз кеткен. Сонда ғана жәбірленуші алаяқтың арбауына түскенін сезіп, полицияға шағымданған. 

Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 190-бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалып, полиция қызметкерлері алаяқты іздеуге кірісті. 

23 маусым күні криминалдық полиция қызметкерлерімен жүргізілген жедел-іздестіру іс-шаралары барысында осы іске қатысы бар деген күдікпен 39 жастағы қала тұрғыны ұсталды. Ол мойындау көрсетпе белгілерін берді. Тергеу амалдары жүргізілуде.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.