Мамыр айының басында 102 қозы өлген
Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі Бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған «ШҚО-да мал жаппай қырылды» деген ақпаратты растамады.
«Зайсан ауданының Шілікті ауылында белгісіз аурудан жаппай мал қырылды деп таратқан БАҚ-тың хабарламасына байланысты ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі, бүгінде Шілікті ауылдық округінде аса қауіпті аурудан мал өлмегенін хабарлайды», - делінген.
Өңірдегі шаруашылықтардың бірінде малдың жаппай қырылуы биыл мамырдың басында болған. Содан кейін анаэробты энтеротоксиннің салдарынан 102 қозының өлгені анықталған болатын. Сонымен қатар, жайылымдарды тексергенде де улы немесе басқа да зиян ештеңе анықталмады. Басқа қойларда аурудың белгілері болған жоқ.
Ветеринарлар түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, шаруашылық иесіне бұл жағдайда өлген мал басына өтемақы төленбейтіні айтқан.
«2020 жылы және биыл бірінші жартыжылдықта жергілікті атқарушы органдардың ветеринариялық қызметтері эпизоотияға қарсы іс-шаралар кешенін уақтылы жүргізгені және қазіргі уақытта Қазақстандағы барлық ауыл шаруашылығы жануарлары аса қауіпті ауруларға қарсы вакцина егілді.
Биыл мамыр айында қозылар өлгеннен кейін Шілікті ауылдық округінің малы ветеринар мамандардың қатаң бақылауында болады. Сондықтан Шілікті ауылында малдың жаппай қырылып жатқаны туралы ақпарат тексерілмеген және жалған», - делінген АШМ хабарламасында.