Семейде автокөлік электр бағанасына соғылды

Автор: Azattyq Rýhy

Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр 

Семейде электр бағанасына жеңіл автокөлік соғылды, деп хабарлайды Semey News.

Семей қалалық ПБ баспасөз қызметінің хабарлауынша, жол көлік оқиғасы 23 маусымда Лебаев көшесінде болған.

“31 жастағы “ВАЗ-2111″ маркалы автокөлік жүргізушісі рөлді басқара алмай электр бағанасына соғылған”, – деп түсіндірді ведомства өкілдері.

Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы анықталуда.