25 жастағы тұрғын суицидке мас күйде барған
Ақтөбеде төртінші қабаттан секіріп кеткен келіншек аман қалды, деп хабарлайды КТК телеарнасы.
25 жастағы тұрғын суицидке мас күйде барған.
– Әмина, секірме, байқа, тоқтай тұр...
Өзіне қол салмақ болған келіншек үйінде заматтық некедегі күйеуімен тұрады екен. Оның мас күйде балконның жақтауына шығып алғанын көршілері көрген.
Тәртіп сақшылары да жедел жетіп, барлығы келіншекті сабырға шақырмақ болыпты. Райынан қайтпасын білген соң төмендегілер көрпе жайып тұрған.
Соның арқасында 25 жастағы тұрғын аман қалды. Ешқандай жарақат алмаған. Дәрігерлер тексеріп, өзін өлтірмекші болған келіншекті үйіне қайтарды.