Шамалғандағы апаттан зардап шеккен қыздың біреуі есін жиды

Автор: Azattyq Rýhy

Шамалғандағы пойыз бен автобустың соғысуы салдарынан ауыр жарақат алған қос бүлдіршіннің бірі жансақтау бөлімінен шықты

2014 жылы туған Әубәкір Айару Бағланқызын дәрігерлер бөлімшеге шығарған. 8 күннен соң ғана есін жиған 5 жастағы бала қазір жасанды тыныс алдыру аппаратына қосылған. Алматы қалалық  Қоғамдық  денсаулық  сақтау басқармасы баспасөз қызметінің хабарлауынша Айару кеше есін жиған, денсаулығы бірқалыпты. Бүгін мамандандырылған бөлімге ауыстырылады.

Оқи отырыңыз: Шамалғандағы жол апатынан зардап шеккен екі бүлдіршіннің жағдайы өте ауыр

«5 жастағы баланы алдағы уақытта операцияға кіргізу мәселесі тұрған  жоқ. Емделеді, содан кейін оңалту үшін  №2 балалар клиникалық ауруханасына  жібереміз», - деді Алматы қалалық  Қоғамдық  денсаулық  сақтау басқармасы баспасөз қызметінің жетекшісі Набира Эсенова.

Шамалғандағы апаттан зардап шеккен екінші бүлдіршін - 3 жастағы Інжудің денсаулығын дәрігерлер әлі де ауыр деп бағалап отыр. 

Әмірболат Құсайынұлы, Алматы