Қостанай облысында 55 жастағы әйел өзін-өзі өртеп жіберді

Автор: Azattyq Rýhy

Қазір аталған фактіге қатысты тергеу жұмыстары жүріп жатыр 

Фото: ашық дереккөзден

Қостанай облысының Лисаковсктегі полиция бөлімшесі 55 жастағы әйел адамның өзін-өзі өлтіру фактісі бойынша тергеу жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

«15 маусым күні жанып жатқан шөпті өшіру кезінде әйел адамның денесі табылған. Жедел жәрдем көлігімен қалалық ауруханаға жеткізілгенімен, оны аман алып қалу мүмкін болмады», – делінген хабарламада. 

Полиция қызметкерлері әйелдің суицид жасамақ болғанын анықтады. Қазір осы жағдайға байланысты сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.