ШұғылБір тәулікте Қазақстанда 7691 адамнан коронавирус анықталды

Елордаға жарысқа келген спортшылар қонақүйде төбелескен

Жас спортшылардың бірі екіншісіне пышақ салған 

фото: egemen.kz

20 маусымда Қорғалжын тасжолында (Нұр-Сұлтан қаласы - ред.) орналасқан қонақүйлердің бірінде төбелес болып, белгісіз біреу ер адамды пышақтап, қашып кеткені туралы полицияға хабарланған.  

Полиция қызметкерлері оқиға орнына барып, бір топ жас спортшының Қазақ күресінен өтетін республикалық жарысқа қатысу үшін 15 маусымда Ақтөбе қаласынан келгенін анықтаған.

20 маусымда жарыс аяқталып, олар қонақүйге келген. Сол кезде 21 жастағы екі жігіт сөзге келіп қалып, арты жанжалға ұласқан. Нәтижесінде олардың бірі екіншісінің кеуде тұсына пышақ сұққан. Зардап шеккен азамат ауруханаға жеткізілген. Ал, пышақ салған күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамауға алынған.

Бұл жағдайға қатысты қылмыстық іс қозғалды. Жарысты ұйымдастырушылардан да жауап алынады.