$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
21.06.2021, 14:49
Оқиғалар

Ақтөбеде біреудің BMW-320 көлігін айдап кеткен күдікті ұсталды

Аталған фактіге қатысты тергеу амалдары жүргізілуде

Ақтөбеде біреудің BMW-320 көлігін айдап кеткен күдікті ұсталды
Фото: ашық дереккөзден

Ақтөбелік полицейлер BMW-320 көлігін айдап кеткен күдіктіні ұстады, деп хабарлайды Polisia.kz.

Күдікті көліктің ашық тұрғанын және кілті оталдыру тетігінде болғанын пайдаланы айдап әкеткен.  Ұрлау процесі бейнекамераға жазылған. Полиция тергеу нәтижесінде қаланың 30 жастағы тұрғынын ұстады.

Айдап әкету фактісі бойынша ҚР ҚК 200-бабы 1-бөлігі (Автокөлікті заңсыз иелену) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Сондай-ақ, ұсталған азаматтың облыс аумағында ұқсас қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде.

Ақтөбе облысының Полиция департаменті автокөлік иелерінен аз уақытқа кетіп қалса да, көліктерін жауып жүруді сұрайды. Бағалы заттарды салонда қалдырмау керек, ал түнде күзетілетін тұрақтарда немесе жақсы жарықтандырылған жерлерде қою керек. Бейнекамера орнатылған орындарға қойған жөн. Ең бастысы, көлікті сапалы дабылмен жабдықтау қажет.

Серіктес жаңалықтары