Оқиға болған үйден бүлінген газ баллоны табылған
Қостанай облысының Торғай ауылында жекеменшік үй өртеніп, 4 адам қайтыс болды деп жазады qostanai.media.
Оқиға 15 желтоқсан күні отбасы мүшелерінің кешкі асқа отырған кезінде болған. Бұл үйде 10 адам тұрған екен: ересек бесеу мен кішкентай бес бала.
Ауруханаға ауыр халде 33 жастағы ер адам мен 22 жастағы қыз жеткізілген. Олардың денесінің 40 және 45 пайызын күйік шалған. Сондай-ақ, 2009, 2011 және 2014 жылы туған үш сәби екінші дәрежелі күйікпен Арқалық ауруханасында жатыр.
Өрт сөндірушілер оқиға орнынан 1938 және 1985 жылғы екі әйелдің және жасына толмаған екі сәбидің денелерін тапты.
Қазіргі таңда өрттің шығу себебі анықталып жатыр. Оқиға орнынан газ баллоны табылды.