Павлодарда кәмелетке толмаған екі баланы көлік қағып кетті

Автор: Azattyq Rýhy

Аталған фактіге қатысты тексеру жүргізіліп жатыр

Фото: ашық дереккөзден

Павлодарда кәмелетке толмаған балаларды көлік қағып кетті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Жол апаты 20 маусым күні сағат 15:30-да Қамзин - Гагарин көшелерінің қиылысында болған.

«Саненг» автокөлігінің 68 жастағы жүргізушісі жолдың жүру бөлігін белгіленбеген жерден кесіп өткен екі жаяу жүргіншіні қағып кетті, - деді Павлодар облысы полиция департаменті жергілікті полиция қызметінің бастығы Ғалым Сарғұлов.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан кәмелетке толмаған жаяу жүргіншілер ауруханаға түсті. Автокөлік арнайы айып тұрағына қойылды. 

Аталған фактіге қатысты тексеру жүргізіліп жатыр.