Павлодар облысында орман өртенді

Автор: Azattyq Rýhy

Өртті сөндіруге ТЖД күштері мен құралдары жіберілді

Павлодар облысында "Ертіс орманы" резерватында өрт шықты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy ҚР Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап. 

"2021 жылғы 18 маусымда сағат 12:36-да Аққулы ауданының 101 желісіне "Ертіс орманы" орман қорында жану туралы хабарлама келіп түсті. Павлодар облысы Төтенше жағдайлар департаментінің күштері мен құралдары оқиға орнына жедел жіберілді", - делінген хабарламада.  

ҚазАваиа күзету қызметкерлері тікұшақпен ұшып өткеннен кейін, Баймбет орманшылығында бес бөлек ошақтарда өрт болып жатқаны  анықталды. 

Өрт сөндіруге Павлодар облысы ТЖД  құрамында жеке құрамнан 8 адам және 3 бірлік техника, сондай-ақ "Ертіс орманы" орман қорғауынан 60 қызметкер және 17 бірлік техникасынан жұмылдырылды. Сағат 15-00-де барлық ошақтар уақытында оқшауланды.