ШұғылCOVID-19: Қазақстанда өткен тәулікте 7800-ге жуық адамнан вирус анықталды

ПТР-тест пен вакцина төлқұжатын қолдан жасап сатқандар ұсталды

Жыл басынан бері мұндай фактілермен 30 қылмыстық іс тергеуде болған

Қазақстанда коронавирустың бар-жоғын анықтайтын тест қағаздары мен COVID-19-ға қарсы вакциналау төлқұжатын қолдан жасап сатқандар ұсталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy КТК телеарнасына сілтеме жасап. 

Жалған құжаттарды жасағандар Қылмыстық кодекстің 385-бабына сәйкес айыппұл арқалайды немесе қоғамдық жұмыстарға тартылады. Заңда бас бостандығынан айыру жазасы да қаралған. 

"Жыл басынан жалған ПТР-тесттер, вакциналау төлқұжатын және оны  қолдану фактісімен 30 қылмыстық іс тергеуде болған. Оның ішінде жалған құжаттар штамп, мөрлер, бланк жасау, дайындау немесе сату, алдын ала келісу бойынша 10 факті бар", - деп хабарлады ҚР ІІМ Тергеу департаменті басқармасының басшысы міндетін атқарушы Нұрбол Тасмағамбетов. 

Ішкі істер министрлігі жалған ПТР-тесті мен вакциналау құжаты бойынша анықтаған 30 қылмыстық істің екеуін сотқа жіберген, ал 12-сінің күшін жойған. 16 істің мән-жайын тергеушілер тексеріп жатыр. Құқық қорғау органдары жалған құжат дайындаушыларды әлеуметтік желілерден қолға түсіріп жүр. Мониторинг топтың күшімен түпнұсқадан еш айырмашылығы жоқ қағаздарды жасағандар былтыр алты, ал биыл 24 қылмыстық іске негіз болған. 

Бір ай бұрын Алматыда вакциналаудың жалған төлқұжатын жасаған деп дәрігерлер күдікке ілінген. Ақ халаттылар қызметінен бірден шеттетілді. Медицина қызметкерлерінің қанша адамға жалған төлқұжат жасағанын, қай кезден бастап аталмыш іспен айналысқанын алматылық полиция тергеп-тексеріп жатыр.