ШұғылCOVID-19: Қазақстанда өткен тәулікте 7800-ге жуық адамнан вирус анықталды

СҚО-да жоғалған ер адамның денесі төрт күннен кейін Есіл өзенінен табылды

Марқұмның неден қайтыс болғанын анықтау үшін сот-медициналық сараптама тағайындалды

Солтүстік Қазақстан облысында жоғалған 69 жастағы ер адамның денесі Есіл өзенінен табылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. 

СҚО төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, Есіл ауданы Бірлік ауылының 1952 жылы туған тұрғынын құтқарушылар 15-17 маусым аралығында Есіл өзенінен іздеді. Мамандар 44 шақырымды қарап шықты. 

Іздеу жұмыстары кезінде ауылдан екі шақырымдай жерде Ильинка елді мекені бағытында ер адамның көлігі табылды. Сондай-ақ Есіл жағасында адамның жүрген іздері анықталды. Із өзенге кіріп жоғалған. 

17 маусым күні сағат 12.58-де департаменттің іздеу тобы ер адамның денесін тапты. Үстінде киімі болған. Ағыс оны ауылдан 6 шақырымға алып кеткен. Марқұмның неден қайтқаны анықталады, сот-медициналық сараптама тағайындалды. 

Бұған дейін СҚО Есіл ауданы Бірлік ауылының 1952 жылы туған тұрғынының белгісіз жағдайда Есіл өзенінің маңында жоғалғаны хабарланған.