$ 498.34  519.72  4.85
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
18.06.2021, 16:02
Оқиғалар

Ақсу тұрғыны хайп үшін автобустың төбесіне секірген

18 жастағы қала тұрғынына ұсақ бұзақылық үшін хаттама толтырылды

Ақсу тұрғыны хайп үшін автобустың төбесіне секірген, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.

Облыстық ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, Instagram әлеуметтік желісіндегі павлодарлық пабликтердің бірінде Ақсу қаласында қалалық автобустың төбесінде жүрген жігіттің видеосы жарияланған. Аталған видео бойынша полиция қызметкерлері тексеру жүргізді.

17 маусым күні сағат 13:00 шамасында Ақсу қаласында Астана көшесінің бойында жас жігіт автобус аялдамасынан қалалық автобустың төбесіне секіріп, біраз қашықтықты жүріп өткендігі анықталды.

«Тәртіп бұзушы 18 жастағы қала тұрғыны болып шықты. Оған қатысты ҚР ӘҚБК 434-бабы бойынша әкімшілік іс қозғалды, материал жазалау шараларын қабылдау үшін сотқа жіберілді», - деді қалалық полиция бөлімінің жергілікті полиция қызметінің бастығы Арман Рахметов.

Оның айтуынша, жас жігіт әлеуметтік желідегі хайп үшін осындай қадамға барған.

Серіктес жаңалықтары