ШұғылҚазақстанда өткен тәулікте 7,5 мың адам коронавирус жұқтырды

Таразда көп қабатты үй өртенді: 6 адам жарақат алып, екеуі жансақтау бөлімінде жатыр

5 адам құтқарылған

Тараз қаласында бес қабатты тұрғын үйден өрт шығып, өрт сөндірушілер 5 адамды құтқарды деп хабарлайды облыстық ТЖД-ның баспасөз қызметі.

Оқиға 17 маусымда кешкі сағат жеті жарым шамасында болған. 9-шағынаудандағы көбқабатты үйдің үшінші қабатындағы пәтерде 25 шаршы метр аумақ өртенді. Оқиға орнына шұғыл жеткен өрт сөндірушілер төртінші қабаттағы пәтерден 5 адамды құтқарып алды. Олардың төртеуі кішкентай бала.

Сонымен қатар, өрт болған үйден 25 адам қауіпсіз жерге шығарылды. Оның 10-ы кішкентай бала.

Өрт 20 сағат 5 минутта ауыздықталып, 20 сағат 7 минутта жойылған. Жедел жәрдем бригадасы өрт оқиғасы орнынан 6 адамды емдеу мекемесіне жеткізді. Олардың ішінде екі адам күйік алып, жансақтау бөліміне жатқызылды. Олар – 1949 және 1979 жылдары туған азаматтар. Ал өзгелері медициналық көмек көрсетілген соң үйлеріне қайтарылды.

Тегтер: