Қайғылы жағдай Ақтоғай ауданында болған
Павлодар облысында бала аттан құлап қайтыс болды, деп хабарлайды Рavlodarnews.kz.
Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 16 маусым күні сағат 02.15-те Павлодар қаласының полициясына қаладағы ауруханалардың бірінде кәмелетке толмаған баланың қайтыс болғаны туралы хабарлама түскен.
«Полиция анықтағандай, 15 маусым күні 12.30-да Ақтоғай ауданы Балтасап ауылында кәмелетке толмаған бала аттан құлап кеткен. Куәгерлер бар. Сот-медициналық сараптама тағайындалды», - дейді департаменттегілер.