Кісі қолынан қаза тапқан әйелдің кім екені анықталып жатыр
Қостанайдың орталық көшелерінің бірінде әйел адамды өлтіріп кетті. Полицейлер күдіктіні ұстады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Бүгін 19:00-де полиция қызметкерлері әйел адамның өліміне күдікті Қостанай қаласының 37 жастағы тұрғынын ұстады. Қазіргі уақытта марқұмның кім екені анықталып жатыр. Оқиға Баймағамбетов көшесінде болған», - деп хабарлады ведомстводан.
Қазіргі уақытта ҚР ҚК 99-бабы («Адам өлтіру») бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қылмыстың себептері тексеріліп жатыр.