Оқиға бүгін таңғы сағат 5:30 шамасында болған
Оралда әскери борышын өтеп жүрген сарбазға өзіне қол жұмсады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Оқиға бүгін таңғы сағат 5:30 шамасында болған. Бозбала жедел түрде облыстық көпбейінді ауруханаға жеткізілгенімен, дәрігерлер оның өмірін сақтап қала алмады. ҚР Ұлттық ұланы «Батыс» өңірлік қолбасшылығы баспасөз қызметінің хабарлауынша, жауынгер өз-өзіне қол жұмсаған. Ол бүгін түнде түзету мекемесінде күзетте болған.
Марқұм Ақтөбе өңірінің тумасы екен.
Қазір оқиғаға қатысты тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.