Күдікті 2019 жылдан бері психиатрдың есебінде тұрған
Атбасар тұрғыны 51 жастағы ер адамды орындықпен ұрып өлтірді, деп хабарлайды Polisia.kz.
Атбасар қаласынан келген 51 жастағы ер адам психиатрдың есебінде тұрған танысының құрбаны болды. Жәбірленушінің денесі бірнеше дене жарақатымен 14 маусымда аудан орталығындағы теміржол жатақханасының жанында табылды.
Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Атбасар ауданының ПБ криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлерімен күдікті анықталды. Ол 2019 жылдан бастап “қатты және өтпелі психотикалық бұзылыс” диагнозымен психиатр дәрігерінің есебінде тұрған 28 жастағы жергілікті тұрғын болып шықты.
Ұсталған ер адамның айтуынша, марқұм екеуінің арасындағы жанжал ішімдік ішіп отырған кезде болған, ашуға булыққан күдікті жәбірленушінің басынан ағаш орындықпен бірнеше рет ұрған.
Аталған факті бойынша Атбасар ауданының ПБ тергеу бөлімі ҚР ҚК 99-бабының 1-бөлімі (Кісі өлтіру) бойынша сотқа дейінгі іс жүргізуді бастады. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Күдіктіге қатысты қамауға алу түріндегі процессуалдық бұлтартпау шарасы таңдалды.