46 жастағы ер адам мас күйінде үшінші қабаттағы балконнан жерге түспек болған
Екібастұз қаласында балконнан ақжаймамен балконнан түспек болған ер адам көз жұмды, деп хабарлайды Рavlodarnews.kz.
46 жастағы ер адам үшінші қабатта орналасқан балконнан түсуге тырысып жатқанда жерге құлаған.
Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, сағат 21:30-да Энергетиктер көшесіндегі пәтерден ер адам мас күйінде ақжайманың көмегімен төмен түсуге тырысқан.
«Ер адам ауыр жарақатпен ауруханаға жатқызылып, сағат 01.00-де көз жұмды. Сот-медициналық сараптама тағайындалды», - деп хабарлады департаменттен.