Петропавлда 17 жастағы қызды жабылып зорлады деген күдікпен 5 жігіт ұсталды

Автор: Azattyq Rýhy

Оның үшеуі қамалды

Фото ашық дереккөзден

Петропавлдағы демалыс базаларының бірінде бес жігіт 17 жастағы қызды зорлады деп күдікке ілінді деп хабарлайды ҚазАқпарат.

СҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 11 маусым күні полицияға «Березовая роща» демалыс базасының аумағында қызының зорланғанын айтып Петропавл тұрғыны арызданды. Аталған факт сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне «Зорлау» және «Сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері» баптары бойынша енгізілді.

17 жастағы қызға қатысты қылмыс жасады деген күдікпен демалыс базасының аумағында демалған Петропавл қаласының 17 мен 20 жас аралығындағы бес тұрғыны ұсталды. Үшеуі уақытша изоляторға қамалды, қалған екеуіне қатысты бұлтартпау шарасын тағайындау туралы мәселе тергеу әрекеттерінің нәтижелері бойынша шешіледі. Қазір сотқа дейінгі тергеу аясында сот сараптамалары тағайындалып, тергеу жүргізіліп жатыр.