14.06.2021, 10:06
Оқиғалар
Мамандар Ноғайты өзеніндегі балықтардың қырылуына жылқының зәрі әсер етті деп топшылайды
Сондай-ақ қой тоғытқаннан да болуы мүмкін
фото: azh.kz
10 маусымда Қызылқоға ауданы Сағыз ауылынан екі шақырым жерде балықтың қырылып жатқаны жөнінде дабыл түсті. Өлі балықтар Ноғайты өзенінің Сағыз өзеніне құятын тұсынан табылды.
«Бұл факті маусымның 9-нан 10-на қараған түні анықталды. Біз дер кезінде бардық, облыстан да арнайы комиссия келді. Қаракөз және қызылқанат балықтарының шабақтары екі өзеннің құяр аумағында өлген. Өзіміздің жобалауымызша, бөлініп қалған суда жылқының зәрі, қой тоғыту салдарынан ауа жетпей өлуі мүмкін деп отырмыз», - дейді Қызылқоға ауданы әкімі Нұрсұлтан Бисембиев.
Аудан әкімінің айтуынша, өлген балық пен судың сынамасы облыстық ветеринариялық зертханаға тапсырылған.
Көп оқылған
16.09.2026, 06:14
Алматыда прокурордың қамауға алынғаны туралы ақпарат тарады: полиция ресми түсініктеме берді
16.09.2026, 12:32
«Боди массаж жасайды»: экс-әйеліне маза бермеген Нұрсұлтан Жақсыген ақыры сотталып тынды
Бүгін, 09:49
«Халықтың алдында қорлады»: Нұрсұлтан Жақсыгеннің экс-жұбайы сот үкімінен кейін қазақ еліне алғыс айтты
16.09.2026, 22:09
Астанада BMW жүргізушісі дрифт жасаймын деп бағанаға соғылды (ВИДЕО)
16.09.2026, 09:58
Елена Рыбакина биыл турнирлерден қанша табыс тапты