Қайғылы жағдай бүгін таңертең Алатау ауданында болған
Алматыда полиция қызметкері жаяу жүргіншіні қағып өлтірді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Бүгін, 14 маусымда сағат 07.00-де Алматы қаласы Алатау ауданында жүргізуші, полиция қызметкері Т.есімді азамат Hyundai Elantra маркалы қызметтік көлігін басқарып, Өтемісұлы көшесімен оңтүстік бағытта жүріп келе жатқан.
Кенеттен маневр жасай бастаған көлікпен соқтығысуды болдырмау үшін, Т.есімді азамат автокөлік жуу орнының шығыс жағына қарай шығып кетті, сол жерде жаяу жүргіншіні - С.есімді азаматты қағып кетті, сондай-ақ, жүргізушісі көлігінен тыс жерде тұрған "Газель" автокөлігін соқты.
Жол-көлік оқиғасы салдарынан жаяу жүргінші қайтыс болды. Аталған факт сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне ҚР ҚК-нің 345 бабы, 3 бөлімі бойынша тіркелді. Қылмыстық істі Алматы қалалық ПД анықтау Басқармасы жүргізуде. Жүргізушіге қатысты тергеу амалдары жүргізілуде.