Өрттің шығу себебі анықталып жатыр
Шымкентте газ құю бекетінде өрт шығып, ер адам зардап шекті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Otyrar.kz-кесілтеме жасап.
13 маусымда сағат 15:19-да Еңбекші ауданы, Момынов көшесі бойында орналасқан «Жан Ойл» авто жанар-май бекетінің жанындағы газ құю бекетінде өрт туралы хабар келіп түсті.
Алғашқы жетіп келген өрт сөндіру бөлімдері көлемі 4 тонналық газ цистернасында газ жанын жатқандығын анықтады. Өрт сағат 16:08-де оқшауланып, сағат 16:10-да толығымен сөндірілді. Өрттің шығу себебі анықталуда.
Оқиға орнында газ құю бекетінде оператор жұмысын атқарып жүрген 1992 жылы туған ер азамат зардап шегіп, бетін 18% және екі қолының білегін 1 дәрежелі күйік шалған. Зардап шеккен жігітке алғашқы медициналық көмек көрсетіліп, үйіне қайтарылды.
Өртті сөндіруге Өрт сөндіру қызметінің жеке құрамында 21 адам, 7 техника, Апаттар медицинасы орталығы филиалының 1 бригадасы жұмылдырылды.