Айыпталушылардың 200 млн теңгеден астам соманы құрайтын мүлкі тәркіленді
Алматы қаласы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті материалдық сыйақы үшін жалған шот-фактуралар мен бастапқы бухгалтерлік құжаттарды жазып берумен айналысқан - 7 адамнан құралған қылмыстық топ іс-әрекетінің жолын кесті.
Үш жыл ішінде ҰҚТ бақылауындағы 19 компанияның шоттарын пайдалана отырып, коммерциялық ұйымдарға 8 млрд теңгеден астам сомаға салық төлеуден жалтару бойынша қызметтер көрсеткен.
Төрт ұйымдастырушы 6,5 жылға сотталды, үш сыбайлас 3 жылдан 4 жыл және 8 ай мерзімге шартты түрде сотталды.
Қылмыстық іс бойынша айыпталушылардың 200 млн теңгеден астам сомаға жылжымалы және жылжымайтын мүлкі мемлекет кірісіне тәркіленді.