Ақтөбеде полиция департаментінің өкілі пара алды деген күдікпен ұсталды

Автор: Azattyq Rýhy

Тәжірибелі қызметкер алдағы күзде зейнетке шыққалы отырған

скриншот: видео

Ақтөбе облыстық Полиция департаментінің тергеу бөлімінің бастығы пара алды деген күдікпен ұсталды, деп хабарлайды КТК.

Бөлімінің бастығы, полковник Евгений Годлевский ірі көлемде пара алды деген күдікке ілінген. Годлевскийдің құқық қорғау органдарында қызмет етіп жүргеніне 25 жыл болған. Тәжірибелі қызметкер осы күзде зейнетке шыққалы отырған.

Облыстық ПД баспасөз қызметі лауазымды тұлғаның ұсталғанын растады, бірақ оған қатысты түсініктеме берген жоқ. Департамент бастығы әлеуметтік желіде: «... тергеу басқармасының лауазымды тұлғаларының әрекеттеріне қатысты бірқатар заң бұзушылықтар анықталды» деп қысқа жазды.