Жаяу жүргінші жолды белгіленбеген жерден кесіп өткен
Жол-көлік оқиғасы салдарынан жаяу жүргінші ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды Рavlodarnews.kz.
Облыстық ПД баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, жол апаты 8 маусым күні сағат 10.00-де Н. Назарбаев даңғылы бойында болған.
«Ласточка» автобус аялдамасының жанында «Лада Гранта» маркалы автокөлігінің 30 жастағы жүргізушісі жолды белгіленбеген жерден кесіп өткен 60 жастағы әйелді қағып кеткен, - деді департамент өкілдері.
Аталған факт бойынша тексеру жүргізілуде. Сараптама тағайындалып, автокөлік арнайы айып тұрағына қойылды.