Жарақат алған жаяу жүргінші ауруханаға жеткізілді
Павлодарда зейнеткерді көлік қағып кетті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Облыстық ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, жол апаты 8 маусым күні сағат 10.00-де Н. Назарбаев даңғылының бойында орын алған.
«Ласточка» автобус аялдамасының жанында «Лада Гранта» маркалы автокөлігінің 30 жастағы жүргізушісі жолды белгіленбеген жерден кесіп өткен 60 жастағы әйелді қағып кеткен», - дейді департаменттегілер.
Аталған факті бойынша тексеру жүргізілуде. Сараптама тағайындалып, автокөлік арнайы айып тұрағына қойылды.