Алматыда жас балаларды қорлады деген күдікпен тәжікстандық азамат қолға түсті

Автор: Azattyq Rýhy

Ер адамның 2017 жылдан бері өз елінде іздеуде болғаны анықталды

Алматы полициясы кәмелетке толмаған баланы қорлады деген күдікпен Тәжікстан азаматын ұстады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Алматының көші-қон қызметінің хабарлауынша, «Келімсек» іс-шарасы кезінде, ауыр қылмыс жасағаны үшін өз елінде іздеуде жүрген шетелдік азамат ұсталған.

«Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде қалалық криминалдық полиция қызметкерлері біздің бөлімнің өкілдерімен бірге Тәжікстан Республикасының азаматы, Гиссар қаласының тұрғыны - 1995 жылы туған М. есімді азаматты ұстады және қабылдап-таратуға орналастырды. Ер адамның 2017 жылдан бастап Гиссар аудандық ІІМО-мен Тәжікстан Республикасының ҚК-нің 141 бабы 2 бөлімі - кәмелетке толмағандарды қорлау бойынша қылмыс жасағаны үшін іздестіріліп жатқаны анықталды. Ұсталған адамды экстрадициялау мәселесі халықаралық шарттарға сәйкес шешіледі», - деді Алматы қалалық ПД көші-қон қызметі Басқармасының бастығы, полиция полковнигі Асхат Бутунчинов.

Сонымен қатар, полиция, тиісті қоғамдық тәртіпті сақтау, шетелдіктердің Қазақстан Республикасында болу ережелерін бұзу фактілерін анықтау мақсатында Алматы қаласында «Келімсек» жалпыреспубликалық жедел-алдын-алу іс-шарасы басталғанын еске салды. Іс-шара 7 маусымда басталды және 16-ын қоса алғанда жалғасады.