Өрт салдарынан зардап шеккендер мен қайтыс болғандар жоқ
8 маусымда Герцен көшесінде мотоцикл сататын дүкеннің іргелес аумағында 15 шаршы метрде 36 дана мотоцикл мен 1 дана қарда жүретін техника өртенді.
Өрт сағат 12:09-да толықтай сөндірілді. Сөндіру жұмыстарына 10 адам және 2 техника жұмылдырылды.
Өрт салдарынан зардап шеккендер мен қайтыс болғандар жоқ. Қазір өрттің шығу себебі анықталуда.