Павлодарда мас әйел балконнан құлап кетті

Автор: Azattyq Rýhy

Қазіргі уақытта ол ауруханада жатыр

Фото: ашық дереккөзден

Павлодарда әйел адам балконнан құлап кетті, деп хабарлайды Рavlodarnews.kz.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, жазатайым оқиға 7 маусым күні сағат 07.10-да Толстой көшесінде болған. 

«47 жастағы әйел пәтерде мас күйінде болған. 5 қабатта орналасқан пәтерінің балконынан құлап кеткен», - дейді департаменттегілер.