Қостанай облысында екі кәсіпорын басшысы сотталды

Автор: Azattyq Rýhy

Жыл басынан бері облыста мемлекетке келтірілген 1,6 млрд теңге көлеміндегі залал өтелді

Фото: ашық дереккөзден

Қостанай облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті екі кәсіпорын басшысының жалған шот-фактуралар жазып беру және бюджетке салық төлеуден жалтару бойынша әрекеттерінің жолын кесті.

Тергеу барысында Anast&Asia ШҚ директорының «Деревянко В.Е.» ЖК-ға жалпы соманың 1% көлеміндегі сыйақы үшін 650 млн теңгеден астам сомаға заңсыз шот-фактуралар жазып бергені анықталды.

Сот шешімімен кәсіпорын басшылары 1,5 және 2 жылға сотталды.

Бұл Қостанай облысы бойынша ЭТД-нің ағымдағы жылдың басынан анықтаған 5-ші дерегі. Барлық деректер бойынша мемлекетке келтірілген 1,6 млрд теңге көлеміндегі залал өтелді.