Шымкент тұрғынының 7 млн теңгесін алдап алған алаяқ ұсталды

Автор: Azattyq Rýhy

Тексеру амалдары жүргізілуде

Фото: ашық дереккөзден

Шымкент тұрғынының 7 млн теңгесін алдап алған алаяқ ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz.

2021 жылдың 4 маусымында Қаратау АПБ-ға жергілікті жердің тұрғынынан арыз келіп түскен. Онда өзінің танысы үйіне келіп, шетелден DAF маркалы жүк автокөлігін сатып алып беремін деп алаяқтық жолмен сеніміне кіріп, жалпы жеті миллион теңге ақшасын алдап алып, осы уақытқа дейін қайтармай жүргенін көрсеткен. 

Қаратау АПБ КПБ қызметкерлерінің жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Шымкент қаласының тұрғыны ұсталды. Тексеру амалдары жүргізілуде.