24 жастағы ер адамның ішімдік ішіп, есірткі қолданғаны анықталды
Алматыда автокөлік жүргізушісі аялдамада тұрған бір топ адамды қағып кетті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Оқиға 5 маусым күні сағат 20.20 шамасында «Алтын орда» базарының маңында болған.
«Алкогольді ішімдік пен есірткіге елітіп алған 24 жастағы ер адам «Ваз 21099» көлігімен Райымбек даңғылының бойында батыс бағытқа қарай жүріп келе жатып, аялдамада тұрған бір топ адамды қағып кеткен.
Оқиға салдарынан үш адам түрлі дене жарақатымен қаланың медициналық мекемелеріне жеткізілді», - делінген қалалық Полиция департаментінің хабарламасында.
Қазіргі уақытта аталған фактіге қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы 1-бөлімі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.
Күдікті азамат Алматы ПД уақытша оқшаулағышына қамалды.