Алматыда қандала дәрісінен уланған ер адам көз жұмды

Автор: Azattyq Rýhy

Ол жансақтау бөліміне 1 желтоқсан күні түскен еді

Фото: ашық дереккөзден

Алматыда қандала улаймын деп анасымен бірге жансақтау бөліміне түскен 32 жастағы ер адам қайтыс болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Алматы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасына сілтеме жасап.

«Ер адам 12 желтоқсанда кешкі уақытта көз жұмды, жүрегі тоқтап қалды. Осы уақытқа дейін қалалық жедел жәрдем ауруханасында жансақтау бөлімінде жатты. Есін жимастан қайтыс болды. Дәрігерлер барлық шараны қолданды, алайда өмірін сақтап қалу мүмкін болмады», - делінген Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының хабарламасында.

Еске салайық, анасы мен ұлы аурухананың жансақтау бөліміне 1 желтоқсан күні түсті. Оларға жәндіктерді өлтіретін құралдан улану диагнозы қойылған болатын.