Оралда көпқабатты үйдің терезесінен 2 жасар бала құлап, қайтыс болды

Автор: Azattyq Rýhy

Бүлдіршін 5 қабаттан құлап кеткен

Фото: ашық дереккөзден

Орал қаласындағы көпқабатты үйлердің бірінен екі жастағы бала құлап, қайтыс болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Оқиға Зашаған кентіндегі көпқабатты үйлердің бірінде орын алды. Ата-анасы назарсыз қалдырған екі жастағы бала бесінші қабаттың терезесінен құлап, көз жұмды. 

Полицейлер балалардың қауіпсіздігіне немқұрайлы қарамауды және оларды жалғыз қалдырмауды сұрайды.