Тексеріс жүргізіліп жатыр
Павлодар облысындағы жол апатынан бір адам қаза тапты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.
Павлодар облысы полиция департаментінің мәліметінше, 31 мамырда сағат 23:10-да Павлодар ауданы Луганск ауылының жанындағы "Ефремовка-Луганск" автожолының 10 шақырымында "Тойота Естима" автокөлігінің 27 жастағы жүргізушісі рульді басқара алмай, кюветке аударылып кеткен.
"Жол-көлік оқиғасы салдарынан жүргізуші алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмды. Сараптама тағайындалды", - деп хабарлады Павлодар облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Полиция атап өткендей, автокөлік айып тұрағына қойылды. Тексеру жүргізіледі.